Біз туралы
«Bal Carpet» – кілемдер мен кілем өнімдерін шығаратын алғашқы қазақстандық фабрика, Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі. Біздің фабрика 2012 жылы Қазақстан Республикасының Шымкент қаласында құрылды. 2014 жылы бізге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен келіп, өнім сапасын жоғары бағалады. Кең ассортимент пен қол жетімді бағалардың арқасында біздің кілемдеріміз ТМД елдерінде ғана емес, Еуропа нарығында да үлкен сұранысқа ие. Бұған мысал – біз Қазақстан Республикасынан үйге арналған тауарларды сататын әлемдегі ең ірі бөлшек сауда желісі IKEA-ға алғашқы өнім жеткізушіміз. Біздің өнімдер CT-KZ ұлттық стандарттары мен талаптарына және ISO 9001 – 2009 халықаралық стандарттарына толығымен сәйкес келетінін атап өткен жөн.
