Басты бет
«Бал Текстиль» компаниясының
сайтына қош келдіңіздер!
«Бал Текстиль» компаниясы – Қазақстан Республикасында кілемдер мен кілем өнімдерін шығаратын алғашқы отандық фабрика. Біздің фабрика ең озық технологияларды қолдана отырып, кілем шығарады және кілем өндірісінде Қазақстан нарығында көшбасшы болып табылады.
Біздің өнімдерді бүкіл Қазақстан бойынша сатып ала аласыз – республикада біздің төрт жүзден астам дистрибьюторлары жұмыс жасайды, сонымен қатар ұсынылған дизайндармен (айта кетсек, олардың 500-ден астамы біздің жұмыс барысында жасалған) және өнімдердің өлшемдерімен сайтымызда таныса аласыз.
Компания туралы
Өнімдердің үлкен таңдауы, барлық тауарлардың мінсіз сапасы және кез-келген кілемге қол жетімді баға – мұның бәрі «Бал Текстиль» компаниясы!
БІЗ ТУРАЛЫ Қызықты ДЕРЕКТЕР
«Бал Текстиль» компаниясы – Қазақстан Республикасындағы ең ірі кілем фабрикасы. Біздің компания «Алтын сапа», «Парыз» деген отандық және халықаралық беделді марапаттардың иегері, сонымен қатар біз «Алтын жұлдыз» – «Үздік сапа» номинациясындағы ISAQ сыйлығының иегеріміз (Женева, Швейцария). Біз нарықта жиырма жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасаймыз және 2013 жылдан бастап кілемдер мен кілем өнімдерді кәсіби түрде шығарамыз. Осы уақыт ішінде біз өз өніміміздің мінсіз сапасын, сондай-ақ бізбен ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттарын бағалай білген клиенттер арасында жағымды іскерлік бедел қалыптастырдық.
Жыл – нарықтағы жұмыс тәжірибесі
Жылына млн ш. м. – өндірілетін өнім саны
Гектар-өндірістік үй-жайлардың жалпы аймағы
Адам-қызметкерлер саны
Біздің топтамалар
PALLADIUM
Ауытқымалы жиырылу қасиеті бар иірілген жіптің айрықша құрылымына байланысты «Palladium» коллекциясының кілемдері ерекше көрініс пен құрылымға ие.
KUMSAL
«Kumsal» коллекциясының кілемдері ерекше түстер палитрасының арқасында классикалық, заманауи және неоклассикалық стильдеріндегі кез-келген интерьер мен декорға сәйкес келеді. Жылулық қысқаратын рельефті текстурасы бар кілемдер ең бапшыл сатып алушыны да бей-жай қалдырмайды. Қазіргі уақытта «Kumsal» коллекциясының кілемдері Азия мен Еуропада үлкен сұранысқа ие.
EFSUN
«Efsun» парсы тілінен «сиқыр» деп аударылады, сондықтан бұл топтама талғампаз сұлулығымен және жібек жылтырлығымен ерекшеленеді. «Efsun» кілемдерінің дизайндары классикалық және қазіргі заманғы әртүрлі стильдерді біріктіреді. Бұл топтаманы жасаған кезде біздің дизайнерлер ғасырлар бойғы тарихы бар классикалық парсы және иран кілемдерінен шабыт алды.
EFSAL
100% полиэстерден тұратын «Efsal» коллекциясы кілемдерінің беткі қабаты жібектей жылтырлыққа ие, олар ұстамды түстер мен реңктермен үйлесімде кез-келген интерьерге еніп, ерекше жайлылық береді.
VENETTA
«Venetta» коллекциясы жоғары сапалы полиэcтерден соңғы трендтерге сәйкес түстерде жасалған, сондықтан бұл коллекциядағы кілемдер хай-тек және модерн стильдердегі интерьерлерге сәйкес келеді.
SAHMERAN
«Sahmeran» коллекциясы шығыс мотивтерінде және классикалық парсы кілемдерінің түстер палитрасында жасалған. Бұл коллекциядағы кілем өнімдері үнемді болғанымен, қолдану кезінде жоғары сапаға ие, ал аралас композиция кілем өрнектеріне бедерлі текстура мен қол өнерінің аса талғампаздылығын көрсете түседі.
İNDİGO
«Indigo» коллекциясының кілемдері 100% полиэcтерден жасалған, бұл кілемдердің текстурасына бедерлілік және визуалды 3-D әсерін береді. Жіптердің құрылымына байланысты бұл коллекциядағы кілемдер жарқын палитраға және жібектей құрылымға ие.
ELIT
«Elit» – гүлді мотивтерге негізделген жинақ. Гүлдер геометриялық пішіндердің «серіктесі» ретінде шығыс әшекейлерімен жиектелген толыққанды үлгі ретінде ұсынылған.
БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ
ДАРА ТІЛ ТАБУ
Біздің барлық жұмысымыз клиенттің сұраныстарын қанағаттандыруға, оның қалауларын есепке алып орындауға негізделген. Біздің клиенттеріміздің әрқайсысы өнімдеріміз бен бағаларымызға қанағаттанатындығына көз жеткіземіз.
МЕРЗІМДЕРДІ ҚАДАҒАЛАУ
Компания жоспарлауға ерекше назар аударады, барлық жұмыс белгіленген уақыт регламенттеріне сәйкес орындалады, әр тапсырыс нақты жоспарланған түрде жасалынады.
БІЛІКТІ МАМАНДАР
Бізде жан-жақты, білімді және білікті мамандар жұмыс істейді, олардың көпшілігі Түркияда өндіріс саласында білім алған және үлкен тәжірибелері бар.
БАҒА САЯСАТЫ
Өзіміздің жіптер өндірісінің арқасында өнімдердің бағасы шетелдік аналогтардан едәуір төмен. Біздің бағалар екі өлшемге негізделген: шаршы метрге түйіндердің тығыздығы және қадалардың биіктігі.
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ БЕН КЛИЕНТТЕРІМІЗ
Біз серіктестеріміз бен клиенттерімізге ерекше назар аударамыз, өйткені бұл табысты жұмыстағы басты артықшылық. Осы жылдар ішінде біз көптеген клиенттердің сеніміне ие болып, көптеген серіктестермен өзара тиімді байланыс орнаттық. Біз өз жұмысымызда жоғары сапалы өнім, икемді баға саясаты, сондай-ақ клиенттеріміз бен серіктестерімізге деген адалдық сияқты критерийлерді атап өтеміз. Бізбен жұмыс жасай отырып, Сізге жоғары сапалы өнімді қолайлы шарттармен алуға кепілдік беріледі.
БІЗ КАРТАДА
Біздің байланыс:
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ОФИС:
- Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, № 264 орам, 165 ғимарат, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы.